Асанәлі Әшімовтың отбасына тағы бір қайғы келді.
89 жасында қайтыс болған актер Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы да қара жамылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Халық әртісінің келіні Селімхан Ізімқызы дүние салды. Бұл туралы қоғам белсендісі Айдар Қырықбаев жазған.
«Қазақтың аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтың келіні, Сағи Әшімовтың жұбайы Селімхан Ізімқызы өмірден озды», - деп жазған Айдар Қырықбаев.
Есек салсақ, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің ұлы, актер Сағи Әшімов 1999 жылы өмірден озған еді. Аңыз тұлғаның өзі 2025 жылдың 21 желтоқсанында қайтыс болды.




