Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аяқ-қолын скотчтап, аузын байлаған»: 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайы көпшілікті шошытты

«Аяқ-қолын скотчтап, аузын байлаған»: 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайы көпшілікті шошытты
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы көпшілікті алаңдатты.

Туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған апалы-сіңлілердің бірінің қол-аяғы, аузы скотчталған сурет желіде тарап кетті. Бұл туралы журналист Руслан Желдібай Instagram парақшасында мәлімдеді. 

Ол қыздардың қамқоршысы Зульфия ханымға хабарласқан. Алайда оның өзі де бұл жағдайды білмейтінін айтады.

“Қамқоршысы асырап алған қызының аузы мен қол-аяғын скотчтап тастаған. Анығын білейін деп, қамқоршысы Зүльфияға хабарластым. Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін. Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар!”, – деп журналист полицияға жүгінген. 

Жамбыл облыстың полиция департаменті жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

“Аталған бейнежазба шұғыл назарға алынып, полиция бөліміне тіркелді. Қазір полиция қызметкерлерімен барлық мән-жайды жан-жақты әрі мұқият анықтауға бағытталған қажетті тексеру жұмыстары жүріп жатыр”, – делінген хабарламада. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар