Қоғам

Жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салынбақ.

Конституциялық реформа комиссиясының отырысында сенатор Нұрлан Бекназаров жемқорлықпен сотталғандарға депутаттық сайлауға қатысуға тыйым салу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Сенатор сайлау мен референдумдарға сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарқатыспауы тиіс екенін айтып, ұсыныс айтты:

  • Жазасы жойылмаған немесе өте­лмеген азаматтар;
  • Сот арқылы жемқорлық қылмысына кінәлі деп танылған тұлғалар депутаттыққа сайлана алмайды.

Нұрлан Бекназаровтың пікірінше, бұл норма қоғамдық сұранысқа жауап береді және мемлекеттік лауазымға сайлануға ниетті үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.