Қоғам

Семейде 66 жастағы ер адам полицияның екі бірдей қызметтік көлігін өртеп жіберді

Осыған дейін айыппұл арқалаған ер адам полицияның екі көлігін өртеп жіберді.

Семейде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам полицейлердің жеке көліктерін өртеп жіберді. 66 жастағы зейнеткер өзіне айыппұл салған қызметкерлерден осылайша кек алмақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 25 қаңтар кешкісін Семейде Юность шағын ауданындағы учаскелік полиция пунктінің жанында болған. Желіде куәгерлер түсірген оқиғаның видеосы тарады. 

Абай облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

«2026 жылғы 25 қаңтарда сағат 18:10 шамасында бұрын сотты болған 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында құқыққа қайшы әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі «Chevrolet Cobalt» және «Changan» маркалы екі автокөлікті өртеп жіберген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген облыстық ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.