Синоптиктер ақпан айында ауа райы қалай болатынын болжады
Ақпан айының аяғына дейін күн суық болады.
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжамға сәйкес, ақпанда қысқы суық сақаталады, алайда ай аяғына қарай күн айтарлықтай жылынады.
Елдің басым бөлігінде аяз сақталады. Солтүстік пен шығыста -13-тен -18 градусқа дейінгі суық, ал елдің ең оңтүстігінде шамамен +3 градус болады.
Ай аяғына қарай ауа температурасы көтеріледі: оңтүстік және оңтүстік-шығыста: 3–3,8 градусқа; басқа өңірлерде: 0,5–1,5 градус болады.
Түркістан облысының оңтүстік аудандарында ақпанның бірінші жартысында ауа температурасы 0 градустан плюс мәндерге ауысады деп күтіледі.
Көптеген өңірде 6-дан 27 миллиметрге дейін жауын-шашын болжанады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында - 30–110 миллиметр.
Солтүстікте жауын-шашын негізінен қар түрінде түссе, оңтүстікте - қар мен жаңбыр аралас болады. Түркістан облысында жауын-шашынның шамамен жартысы аралас түрде жауады.