Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мама жасады»: ағасы мен жеңгесінің қолында 17 жыл құлдықта болған Құндыз өзін кімнің байлағанын айтты

«Мама жасады»: ағасы мен жеңгесінің қолында 17 жыл құлдықта болған Құндыз өзін кімнің байлағанын айтты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Журналист Руслан Өтепбайға аяқ-қолы байланған апалы-сіңлінің бірі болған жағдай туралы айтып берді.

17 жыл ағасы мен жеңгесінің қолында құлдықта болған апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы белгілі болды. Журналист Руслан Өтепбай Құндыздың өзінен оны кімнің байлағанын сұрап қайтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист желідегі парақшасында видео жүктеді. Ол жерде Құндыз өзін «мамасы» байлағанын айтады.

«Сені байлаған кезде Зүлфия мама қасыңда болды ма?», - деп сұрайды ол Құндыздан.

Алайда сол үйдегі басқа тәрбиеленуші ол кезде үйде қамқоршысы болмағанын айтады.

«Мама болды үйде», - деп ғана жауап берген Құндыз.

Сондай-ақ, Назым мен Құндыздың қамқоршысы өзінің байламағанын және ол кезде үйде болмағанын алға тартты. Аталған дерек бойынша Зүлфия Төленованың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар