Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әдейі ұйымдастырылған»: Шымкентте кісі өлімімен аяқталған төбелеске қатысты дерек шықты

«Әдейі ұйымдастырылған»: Шымкентте кісі өлімімен аяқталған төбелеске қатысты дерек шықты
Сурет: egovpress
Шымкенттегі кісі өлтіру мен жаппай төбелеске қатысты жаңа мәлімет пайда болды.

Шымкентте жол апатынан кейін төбелес болып, соңы кісі өлімімен аяқталған іске байланысты жәбірленуші тараптың адвокаты Талғат Есімов жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, күдіктілер қылмысты алдын ала жоспарлап, соған арнайы дайындалған.

«Барлық БАҚ мұны жол ережесін бұзудан басталған төбелес деп жазып жатыр. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзу — әдейі ұйымдастырылған қақпан болды. Ешкім өз көлігін ойлаған жоқ. Негізгі мақсат — Колесников Василийді ұрлап әкетіп, кейін өлтіру еді. Бұл жоспар толығымен іске асырылды», — деді ол.

Есімовтің айтуынша, полиция бұл істе жедел әрі кәсіби әрекет еткен. Алғашқы тәулікте бес адам ұсталып, кейін тағы бірнеше күдікті қамауға алынған. Қазіргі уақытта бір адамға іздеу жарияланған.

Еске салайық, өткен аптада желіде Шымкенттегі жол-көлік оқиғасының видеосы тараған болатын. Кадрларда екі көліктің соқтығысуы жаппай төбелеске ұласып, оған үшінші автокөліктің қосылғаны көрінеді. Қақтығыс салдарынан бір ер адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қаза тапқан. Ал тағы бір азаматты күшпен көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Кейінірек оның мәйіті сол маңнан табылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар