Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Светлана Жақыпова министр қызметінен босатылды

Светлана Жақыпова министр қызметінен босатылды
Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Жақыпова қызметінен кетті.

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақораға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Ал 2024 жылы 6 ақпанда Президент жарлығымен осы лауазымқа қайта тағайындалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар