Светлана Жақыпова министр қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Жақыпова қызметінен кетті.
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақораға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Ал 2024 жылы 6 ақпанда Президент жарлығымен осы лауазымқа қайта тағайындалды.