Алматы облысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан видео тарады (ВИДЕО)
Қайскелеңде күйеуінің әйелін ұрған видеосы желіде пайда болды.
Алматы облысында күйеуі әйелін ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Кадрда үйге жүгіріп кірген ер адам әйелді таяқпен ұрып жатқаны көрінеді. Куәгер ер адам көлікті, терезені қиратқанын, анасы мен өзін, әпкесін ұрғанын айтады.
Мәліметке сүйенсек, бұл оқиға Қаскелеңде болған. Алматы облысы Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша 31 жастағы тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мен оның жұбайының арасында жанжал болғаны анықталды. Жанжал барысында әйел мен анасына дене жарақаты салынған, сондай-ақ, мүлікке қасақана зиян келген", - деді полиция.
Ведомство мәліметінше, Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекетіне заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетіні айтылды.