Маңғыстау облысында 13 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам өз-өзіне қол жұмсаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:28
- 26
Маңғыстау облысында қызын зорлаған өгей әке өзі-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 24 қаңтарда полицияға 13 жастағы қыз балаға зорлық жасалғаны туралы арыз түскен.
Тексеру барысында қызды зорлаған оның өгей әкесі екені анықталды. Ол 2026 жылғы 20 қаңтарда өз-өзіне қол жұмсаған.
«Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі - кәмелетке толмағанды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді.



