Қоғам

"Өзін-өзі атып өлтірген": Жамбыл облысында тағы да сарбаз қаза тапты

Жамбыл облысында тағы да сарбаз өлімі.

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты. Ол  снайперлік мылтықпен өзін-өзі атып өлтірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бас прокуратура бұл ақпаратты растады.

“27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында”, – делінген хабарламада. 

Оқиғаның себептері мен мән-жайын толық анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, істің барысы Бас прокурордың тікелей бақылауына алынды. Қызметтік тексеріс аясында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы оқиға орнына барып, жағдаймен танысты.