«Өлтірмеді ғой»: Семейде көршісін аңдып, елді шошытқан қыз айыппұлмен құтылды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:50
- 33
Семейде түнгі уақытта қызды аңдып, қорқытқан 24 жастағы қызға қатысты сот шешімі шықты. Аружан есімді жәбірленуші соттың шешіміне наразылығын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, өзін аңдыған қызға сот айыппұл ғана салған.
«Мен соттың шешімімен келіспеймін. Оған тек 85 мың теңге айыппұл салды. Қоғамдық орында бейәдеп сөз айтқаны үшін ғана оны жазалаған. Менің артымнан аңдығаны, қорқытқаны есепке алынбаған. Оның анасы «өзің бірінші бастадың» деп мені кінәлады. Менен тек ол балағат сөз айтып жатқан видеоны ғана сұратты. Оның анасы маған «бастысы өлтірмеді ғой» деп айтты», - дейді Аружан.
Қыз өзінің қатты қорқып қалғанын және алдағы өмірі үшін алаңдайтынын жеткізді.
«Қазір мен өзімнің қауіпсіздігім мен өмірім үшін қорқамын. Сот отырысында анасынан түйреуіш сұрап отырды. Сол жерде маған бірдеңе істеп қойса да, ешкім үлгермейтін еді», - дейді Аружан.
Еске салсақ, таңғы 04:00-те жұмысынан үйіне келген Аружан кіреберіс есікті аша берген кезде соңынан бір бойжеткен ере кірген. Подъезге кірер кезде белгісіз қыз ұрыс шығарып, Аружанның бірінші кіргенін талап еткен. Тараған видеоларда оның барлық көршілерін аңдығаны анықталды.
@lilbby.a её мама говорит «ну не уб*ла же»…. это адекватно?
♬ оригинальный звук - сұлу ару



