Қоғам
Астанада сауда үйлерінде ерекше робот-иттер жұмыстарын бастады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:39
- 17
Астанада робот иттер жұмыстарына кірісті.
Астанада робот иттер сақшы қызметін атқаруды бастады. Олар сауда және ойын-сауық орталықтары, әуежайлар мен вокзалдарда жүреді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ІІМ дерегінше, робот видеокамерамен және бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған. Ол іздеу базасындағы ақпаратпен салыстырып, адамның жеке басын анықтай алады.
Робот ит дауыстық трансляция арқылы кез келген мәтінді жариялай алады, яғни ескерту беріп, тәртіп бұзушылықтарды хабарлайды.
Барлық видеожазба орталық қауіпсіздік басқару жүйесіне (ЦОУ) жіберіледі. Осылайша күдікті әрекеттерді жедел анықтауға мүмкіндік жасалған.



