«Мен Ванга емеспін»: Энергетика министрі мараторий біткеннен кейінгі жанармай бағасының қалай болатынын айтты
Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мараторий біткеннен кейінгі жанармай бағасының өсуіне қатысты айтты.
Мәжіліс кулуарында энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мораторий мерзімі аяқталғаннан кейінгі жанармай бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәжіліс 31 наурызға дейінгі жалғасатын мемлекеттік мораторийден кейін баға қалыптасуы нарықтық жағдайларға байланысты болатынын айтты.
“Мен Ванга емеспін, болжам айтуға құқығым жоқ. Бірақ нақты айта аламын: дәл қазір мораторий өз күшінде. Ол енгізілген кезде біз ерікті шешіммен бағаның өсуін тоқтатып, іс жүзінде нарықтық тетіктерді уақытша тоқтаттық”, – деді Ақкенженов.
Сондай-ақ, министр 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап министрліктің жанармай нарығын реттеумен айналыспайтынын алға тартты. Егер баға өзгеріп жатса, онда экономиканың қазіргі жағдайын көрсететінін атап өтті.
“Егер 31 наурыздан кейін Үкімет жанармай құю бекеттерінің қызметіне араласпайды деген шешім қабылданса, онда ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс баға қалыптастыру шарттарын айқындайды. Біз бір жылға жуық уақыттан бері нарықты реттемейміз. Егер баға өзгерсе, ол экономиканың қазіргі жағдайын көрсетеді”, – деді министр.”, – деп түсіндірді энергетика министрі.
Алайда Ерлан Ақкенжанов жанармай бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін айтты.