Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев қазақстандық банктердің бірі 7 триллион теңгеге алаяқтық жасағанын айтты

Тоқаев қазақстандық банктердің бірі 7 триллион теңгеге алаяқтық жасағанын айтты
Сурет: akorda.kz
Тоқаев қазақстандық банкті 7 триллион теңгеге алаяқтық жасады деп айыптады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктердің бірі 7 триллион теңгеге алаяқтық жасағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қаржы мониторинг агенттігінде өткен жиында президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкпен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.

“Жақында төраға Жанат Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы “жөнелтілгені” туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар