Саясат
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып Айбек Смадияров тағайындалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қаңтар, 2026
- 110
Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметіне келді.
Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылған болатын.




