Саясат

Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып Айбек Смадияров тағайындалды

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметіне келді.

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылған болатын.