Қоғам

Шымкентте тағы да әйелді пышақтап өлтірді: полиция күдіктіні ұстау кезінде қару қолданды

Шымкентте әйелді пышақтап кетті.

Шымкентте ер адам әйелді пышақтап өлтірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, күдікті жәбірленушіні бірнеше жерден пышақтаған, әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмысқа екеуінің арасындағы бас араздығы себеп болған. Қайғылы оқиға туралы полицияға куәгерлер хабар берген.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, Шымкент тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ұстау кезінде қарулы ер адам қарсылық көрсеткен, сондықтан тәртіп сақшылары заңнама талаптарына сәйкес табельдік қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.