Саясат

Трамп Иранға ескерту жасап, ядролық келісімге келуге шақырды

Трамп Иранды ядролық келісімге шақырып, келесі соққының ауыр болатынын ескертті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды ядролық келісім жасауға шақырды. Егер ол қарсы болған жағдайда ауқымды әскери соққы жасалатынын ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

АҚШ президенті америкалық әскери кемелер Иранға қарай бет алғанын мәлімдеді. Бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында айтты.

"Иран тез арада келіссөз үстеліне отырып, әділ әрі тең құқықты келісімге келеді деп үміттенемін. Ядролық қарусыз, барлық тарапқа тиімді келісім болады. Уақыт таяп барады, бұл шынымен де шешуші сәт. Келесі соққы әлдеқайда ауыр болады!" – деп жазды Дональд Трамп.

Айта кетсек, 2025 жылғы 21 маусымда АҚШ Иранның үш ең ірі ядролық нысанына – Фордо, Натанз және Исфахандағы уран байыту зауыттарына соққы берген еді.

Сол кезде Трамп Иранды "терроризмнің басты демеушісі" деп атап, оның тарапынан төнген ядролық қауіп жойылғанын мәлімдеген.