«Қызым буллингтің кесірінен суицид жасады»: кәсіпкер Алматыдағы элиталық мектепті салғырттық танытты деп айыптады
Кәсіпкер қызының мектептегі жасалған буллингтен суицид жасағанын айтып, шағымданды.
Белгілі кәсіпкер Қанат Амиркин Алматыдағы QSI халықаралық мектепте буллингтің салдарынан қызының өзіне қол жұмсамақ болғанын жазды. Ол мектеп басшылығын балалар арасындағы буллинг туралы білсе де, шара қолданбағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, мектеп басшылығы бір жыл бойы түскен шағымдарға ешқандай нақты әрекет етпеген. Қазіргі уақытта қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қызы сыныптастары тарапынан қорлық көргенін жазады.
«Бұл бір күнде болған жағдай емес. Мен мектеп басшылығына қайта-қайта бардым, бірақ қабылдамады. Директорға кірмек болдым – ресепшннен әрі өткізбеді. Таңғы 8:45-те хат директорға «бала неге мектепке барудан бас тартып жүр, неге қорқып жүр, не болып жатыр» деп жаздым. Кейін белгілі болғандай, бала сабақта дұрыс жауап бермесе, бүкіл сынып күліп, мазақтайды екен. Ал мұғалім бұған тосқауыл қоймаған. Үнсіз қалған. Бұл – америкалық мектепте болып отыр, – деп жазды ол.
Осы мәселені көтеріп, мектепке барған оған басшылық дұрыс жауап бермеген. Керісінше, Қазақстандағы суицид көрсеткіштерінің жоғары екені туралы айтыпты. Мектептегі жағдайды бақылау үшін бейнебақылау камераларын орнату туралы ұсынысына жеке оқу орны екені және оқушылардың «жеке өміріне қол сұғуға болмайтыны» айтып, бас тартқан.
«Олар өздерінің мектеп оқушысы өліп кетуі мүмкін екенін түсінбей тұрған сияқты. Ең қорқыныштысы – маған айтылған аргументтер. “Еліңізде өзіне қол жұмсау көрсеткіштері жоғары… біз не істей аламыз?” Бұл жылына 25 000 доллар төлеп оқытатын мектептің оқушыға көрсеткен қамқорлығы ма?» – деп жазды кәсіпкер.
Қанат Амиркин бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, буллингке қатысы бар және оны жасыруға жол берген барлық тұлғалардың жауапқа тартылуын талап ететінін айтты. Сондай-ақ, егер мектеп әкімшілігі бұл трагедияны елемейтін болса, жекеменшік мектептердегі педагогтарды аттестациялау жүйесін енгізу мәселесін көтермек.
«Кім мазақтады, кім көрді, кім жасырды, кім тоқтатпады, жауапты бола тұра кім әрекет етпеді? Иә, егер мектеп түк болмағандай кейіп танытса, мен мәселені ашық көтеремін, жекеменшік мектептерде педагогтарды аттестаттау жүйесін енгізуді талап етемін. Өйткені олар шеткен тыс пайда тауып отыр, субсидия алады, салықтан босатылған, бірақ білім мен тәрбиеге уақыт жоқ. Бүгін менің балам жансақтау бөлімінде жатса, ертең оның орнында басқа адам болуы мүмкін», – деп жазды кәсіпкер.