Мәдениет

“Бақыттың кілті - 12 мүшемнің сау болуы”: Төреғали Төреәлінің қызы ерекше қызының арманымен бөлісті

Әнші Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қызының жазбасымен бөлісті.

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы тұңғыш қызы Кәусардың жеке күнделігіне жазылған “Бақыттың кілті” атты арманын бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, “Кәусардың күнделігі” атты жаңа айдар жүргізетінін айтты.

Ол видео барысында қызының былтыр жазда жазған “Бақыттың кілті” атты ойынан үзінді оқып берді. 

“Мен үшін бақыттың кілті – 12 мүшемнің сау болуы, өз қолыммен тамақтану, ата-анама үй пен көлік әперу, тұрмысқа шығу. Бұған қоса, өз үйімде тамақтанып, демалу, рахаттанып жату. Алладан осы дұғамды сұрап, сөйлесемін. Өз орнымнан тұрып кетсем екен, үлкен үйім болса екен, өзім отырып айнаға қарап, боянғым келеді”, – деп жазған ол.

Сондай-ақ әншінің қызы күнделігіне болашақта тұрмысқа шыққысы келетінін жазған.

“Өзімнің үйімде балаларым жылап, “Мама, тамақ бермейсің бе?” деп жылап, жүгіріп жүрсе екен. Мен тұрмысқа шығып, ата-енеме қызмет жасағым келеді. Болашақ күйеуімнің әкесіне, яғни болашақ қайын атама сәлем салып, қызмет жасағым келеді. Менің ата-анам мен күйеуімнің ата-анасын жолықтырып, бір дастархан басында отырғызғым келеді. Мен, күйеуім және ата-анам төртеуміз отырып, әңгіме айтқым келеді”, – деп жазған ол.