Құқық қорғау академиясы UNICEF-тің цифрлық ортада балаларды қорғау жобасына қатысады
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) балаларды онлайн-жыныстық пайдалануға және зорлық-зомбылыққа (БОЖПЗ) қарсы тұруға бағытталған халықаралық жобасына қатысады.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен UNICEF арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының ірі бөлігі болып саналады. Оның шеңберінде Қазақстанның интернеттегі балаларға қарсы қылмыстарды анықтау, тергеп-тексеру және алдын алуына толық бағалау жүзеге асырылады.
Халықаралық сарапшылармен жуырдағы кездесу барысында:
- заңнаманы мен құқық қолдану практикасын қалай жақсарту;
- заманауи цифрлық сын-қауіптертер жағдайында тиімді жұмыс үшін құқық қорғау органдарына мамандарды қалай даярлау;
- онлайн қылмыстарды тергеп-тексеру, цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеуге және балаға қолайлы тәсілді қолдануға ерекше назар аударылды.
Құқық қорғау органдары академиясы сарапшылық үлес қоса отырып, жобаны іске асыруға және балаларды онлайн-жыныстық пайдалануға және зорлық-зомбылықтың алдын алу мен ден ден қою жөніндегі жүйенің қолданыстағы тәсілдері мен қажеттіліктерін талқылауға белсенді қатысады. Арнайы әзірленген оқу-әдістемелік материалдар Академияның білім беру бағдарламасына енгізілетін болады.
Жоба нәтижелері Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту және интернеттегі балаларға қарсы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады деп күтілуде.
ЮНИСЕФ – әлемнің 190-нан астам елінде әрбір баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында қызметін жүзеге асыратын БҰҰ Балалар қоры.