Спорт

Australian Open: Елена Рыбакина финалда жеңіске жетті

Финалда отандық теннисші Белорус өкілі, әлемдік рейтингтің көшіп бастап тұрған Арина Соболенконы 2:1 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы сетінде 6:4 есебімен Рыбакина жеңіске жетті. Ал екінші сетте Соболенко 6:4 нәтижесін тіркеп, есепті теңестірді. Ал шешуші ойында Рыбакина бір рейт брейк жасап, 6:4 нәтижесімен ойынды аяқтады. 

Айта кететін жайт, Елена Рыбакина жартылай финалда рейтингіде 12-орындағы украиналық Элина Свитолинаны айқын басымдылықпен жеңді – 6:2, 6:3. Сондай-ақ, отандасымыз іріктееу кезеңдерінде Франция, Чехия, Румыния, Польша теннисшілерін айқын жеңді.

Қазақстандық теннисші бұған дейін әлемдік рейтингте 5-ші орынан үшінші сатыға көтерілді. Сондай-ақ, ол 2022 жылы Уимбилдон турнирінде топ жарса, 2023 аталған Australian Open бәсекесінің финалына дейін жетті. 

Бұған дейін Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққан болатын. Алайда ол шешуші сында бельгиялық Элизе Мертенс пен қытайлық Чжан Шуайға жол берді.