Қоғам

“Аяйды деп ойлама”: Таразда әйел бұрынғы күйеуінен кек алу үшін баласын ұрған

Әйелдің өз баласын ұрған видеосы тарады.

Таразда әйел бұрынғы күйеуінен кек аламын деп баласын ұрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода әйел адам баланы бетінен ұрып, күйеуіне үндеу жасағандай болады. 

“Көрдің бе? Аяйды деп ойлама. Аямаймын мен сенің балаңды”, дейді әйел адам видеода. 

Тағы бір видеода әйел адам үлкен баласына кіші баланы “ұр” деп айтады. Үлкен баласы анасының сөзін тыңдап, кіші бауырын ұрады. 

Тараз қаласының полиция басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Балаға жедел түрде медициналық қызметкерлермен тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әйел адам оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.

“Сараптамалар мен тергеу шараларының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады”, – дейді полицейлер.