Басты жаңалықтар

+17 градусқа дейін көтеріледі: алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады

Еліміздің кейбір өңірлерінде жауын-шашын болып, жел тұрады.

Алдағы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +17 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Кей күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, көктайғақ, тұман болып, бұрқасынмен бірге екпінді жел тұруы мүмкін.

Сонымен қатар оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ауа массаларының келуіне байланысты күндіз ауа температурасы солтүстікте 0...-7°С-қа дейін, батыста, солтүстік-батыста және орталықта -5°С-тан... +2°С-қа дейін, оңтүстікте +8... +17°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +5...+15 °С-қа дейін көтеріледі.

4 ақпаннан бастап елдің батыс өңірлерінде скандинавиялық антициклон қалыптасып, соның әсерінен түнде ауа температурасы -20...-28°С-қа дейін төмендейді.