Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда бір отбасының жоғалуы: күдіктінің бес баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Атырауда бір отбасының жоғалуы: күдіктінің бес баласы мемлекет қамқорлығына алынды
Сурет: ЖИ
Атырау облысынды ерлі-зайыптыны өлтірді делінген күдіктінің балалары қауіпсіздік мақсатында мемлекет қамқорлығына алынды.

Атырау облысында жоғалып, кейін қаза тапқаны анықталған отбасы ісі бойынша кісі өлтіруге күдіктінің бес кәмелетке толмаған баласы мемлекет қамқорлығына алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл шешім балалардың қауіпсіздігі мен күтімін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

"2026 жылғы 2 ақпанда полиция департаментінен бес кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы хат келіп түсті. Соған байланысты олар уақытша мемлекет қамқорлығына алынды", – деп хабарлады білім басқармасы.

Аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның шешімімен үш бала уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал бір және үш жастағы екі бала мамандандырылған сәбилер үйіне жіберілді.

"Балалардың жағдайы толық бақылауда, уәкілетті органдар олардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіледі", – деді жауапты мекемелер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар