«Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн»: Асанәлі Әшімовтың әйелі жүрекжарды жазба қалдырды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:48
- 41
Қазақстанның Халық әртісі, қазақ кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова марқұм жолдасына арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бағдат Әшімова жазбасында жолдасына арнаған өлеңін де жариялады:
«Жан бөлек. Жан бөлек!!!
Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн.
Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер,
жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен», - деген өлең шумақтарын арнады.
Желі қолданушылары Бағдат Әшімованың жүрекжарды жазбасына пікір қалдырып, көңіл айтып, сабыр тілеп жатыр.




