Қоғам

Қазақстандық блогерлер миллиард теңгеден астам табысын декларациялады - комитет

Қазіргі уақытта 622 блогер қосымша декларация тапсырып, 18,2 миллиард теңге көлеміндегі табысын заңдастырды.

Қазақстандық блогерлер 18 миллиард теңгеден астам табысын декларациялады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Комитеттің ресми деректеріне сәйкес, өткен жылы салық органдары 854 инфлюенсер мен блогерге 1 586 салықтық хабарлама жолдаған. Бұған 2022–2023 жылдары 71,9 миллиард теңге көлеміндегі табыстың толық көрсетілмеуі себеп болған.

Қазіргі уақытта 622 блогер қосымша декларация тапсырып, 18,2 миллиард теңге көлеміндегі табысын заңдастырды. Осы сомадан 875,5 миллион теңге салық есептелген.

Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айында Қазақстандағы блогерлер жаппай ірі көлемдегі салық берешегі туралы хабарламалар алған болатын. Ол кезде Мемлекеттік кірістер комитеті 594 адамның 53,3 миллиард теңге табысын жасырғанын хабарлаған еді.