Қоғам

Доллар бағамы 500 теңгеге төмендеді

4 ақпандағы доллар бағамы белгілі болды.

Елімізде доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 505 теңгеден сатылып, 497–498 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валюта 501–502 теңгеден сатылып, орта есеппен 498–499 теңгеден қабылданады.

Еске салсақ, 3 ақпанда Астанада айырбастау орындарында доллар орта есеппен 508,37 теңгеден сатылып, 501,50 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сату бағамы 506,73 теңге, ал сатып алу бағамы 504,38 теңге болған.