Денсаулық

Нипах вирусы: қазақстандық туристерге ескерту жасалды

Нипах вирусының тарауына байланысты қазақстандық туристерге ескерту жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елге нипах вирусының енуінің алдын алу мақсатында Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын қазақстандық туристерге арналған ұсынымдарды жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Олар:

  • жарқанаттар, доңыз және басқа да жануарларға жоламау;
  • жеке бас гигиенасы талаптарын сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
  • тек қауіпсіз ауызсуды тұтыну;
  • шикі финик шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
  • жеміс-жидек пен көкөністерді қолданар алдында мұқият жуу және тазалау.

«Дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе қатты бас ауруы сияқты белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет», – деп мәлімдеді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде.