Саясат

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды

Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Өтегеновті Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ерлан Өтегенов Астана қаласының прокуроры болды.