Қоғам

«14 жастан бастап некеге тұруға рұқсат»: Украинада некені ерте тіркеудің мүмкіндіктері қарастырылды

Украинада некені ерте тіркеудің жаңа ережелері қарастырылып жатыр.

Украинада кәмелетке толмағандардың некеге тұруына негіз болатын жағдайларды кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “РБК-Украинаға” сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, некені ертерек тіркеуге мүмкіндік беретін бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Бірақ әйел мен ер адам үшін некеге тұру бұрынғыдай 18 жаста болмақ.

Атап айтқанда, жобаға енгізілген 1478-бапта мыналар көрсетілген:

  • сот шешімімен 16 жастан бастап некеге тұру құқығы берілуі мүмкін, егер бұл кәмелетке толмаған адамның мүддесіне сай деп танылса;
  • әйелдің жүкті болуы немесе баланың дүниеге келуі жағдайында сот 14 жастан бастап некеге тұруға рұқсат бере алады.

Дегенмен, ерте некеге автоматты түрде рұқсат беру қарастырылмаған.

Қолданыстағы Украина Отбасы кодексінің 23-бабына сәйкес:

  • неке 18 жастан бастап қиылады;
  • сот шешімімен 16 жастан бастап некеге тұруға болады, егер бұл кәмелетке толмаған адамның мүддесіне сай екені дәлелденсе.

Ал 14 жастан бастап некеге тұруға рұқсат беру қолданыстағы заңнамада көзделмеген.