Жетісу облысында жер сілкінісі орын алды.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жетісу облысының бірқатар аудандарында 2-3 балл шамасында сезілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жер дүмпуі 5 ақпанда Астана уақытымен 13:42-де болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта орналасқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
ТЖМ деректері бойынша есептік сейсмикалық қарқындылық (баллмен):
- Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы – 3 балл, 63 шақырым
- Жетісу облысы, Текелі қаласы – 3 балл, 74 шақырым
- Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы – 3 балл, 79 шақырым
- Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы – 3 балл, 84 шақырым
- Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті – 2 балл, 95 шақырым
- Жетісу облысы, Талдықорған қаласы – 2 балл, 109 шақырым
- Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы – 2 балл, 117 шақырым
- Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы – 2 балл, 129 шақырым
- Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл, 139 шақырым
- Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы – 2 балл, 147 шақырым
- Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл, 151 шақырым
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл, 158 шақырым
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 2 балл, 165 шақырым




