Қоғам

Күйеуімнен, қайын атамнан таяқ жегенмін”: Таразда баласын ұрған келіншек өз шындығын айтты

Таразда баласын ұрып-соққан әйел күйеуінен, қайын атасы және қайын әпкесінен таяқ жегенін айтты.

Таразда бұрынғы күйеуінен кек алмақшы болып, өз баласын ұрған ана өз шындығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол видеоны желіге әлеуметтік желіде жүктеген.

«Бәрі, әкімшілік ана құқығынан айыру керек, т.т. неше түрлі пікір айтып жатыр. Қысым көрсетілді, мен балконның терезесінен секірмекші болдым. Яғни өз-өзіме қол жұмсамақшы болдым. Не үшін?
Себебі менеде бұл жағдай бірінші рет емес. Күйеуімнен, қайын атам, қайын әпкемнен таяқ жеген адаммын мен. Ұлыма екіқабат кезде арқанға асылғанмын», — деп жазды ол.