Қоғам

СҚО-да 16 жастағы оқушы қыз мектептің дәретханасында сірке суын ішіп, ауруханаға түсті

Сіпке суын ішіп ауруханаға түскен оқушы қыздың жағдайы ауыр.

Солтүстік Қазақстан облысы Гусаков елді мекенінде 16 жастағы оқушы қыз сірке суын ішіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше, 4 ақпан күні орын алған. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнен сұранып, дәретханаға баратынын айтқан. Анықталғандай, дәретханаға 70 пайыздық сірке суын өзімен ала барған. Соны ішіп қойған.

Оқушы жерде жатқан жерінен мектеп қызметкерлері көріп, жедел жәрдем шақырған. Санитарлы авиация қызды Петропавлға жеткізді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр екенін айтты.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлағандай, қазір тергеу басталған.

«Айыртау ауданына қарасты ауылдардың бірінде тұратын 16 жастағы оқушы қыздың уланғаны туралы ақпарат 4 ақпанда түсті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.