Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды

Нұрай Серікбай өлімі: Шымкент полициясына жаңа басшы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Шымкент Полиция департаментіне жаңа басшысы болып Мұхтар Қожаев келді.

Шымкент Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент Полиция департаментінде көшпелі кеңес өткізді.

"Жиын барысында ІІМ басшысы жеке құрамға Шымкент Полиция департаментінің жаңа басшысы Мұхтар Қожаевты таныстырды. Ол бұған дейін ІІМ Тергеу департаментін басқарған. Полиция генерал-майорының басқару, тергеу саласында мол тәжірибесі бары, тергеушіден бастап орталық аппарат департаменті басшысына дейінгі қызмет жолынан өткені айтылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар