Қоғам

«Қар жауып, көктайғақ болады»: ауа райына байланысты бірнеше өңірдің тұрғындарына ескерту жасалды

6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бірнеше облыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

Астанада жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады.

Таразда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с, облыстың таулы бөктерінде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 17 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с.

Қарағандыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде облыстың оңтүстігінде қатты қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Қостанайда тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскеменде күннің екінші жартысында (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының батысында қар, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Семейде күндіз (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28, облыстың тау асуларында екпіні 30 м/с және аса күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с. Шымкентте кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғады жел, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.