Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысып жатқаны белгілі болды
Перизат Қайрат түрмеде тігінші немесе визажист болып жұміс істей алуы мүмкін.
Жарты жыл бұрын қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда осы уақытқа дейін оған түзеу мекемесінде жұмыс табылмаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
2025 жығы қазан айында ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков Перизат Қайратты жұмысқа орналастыру мәселесі оның дағдылары мен бос жұмыс орындарының болуына қарай шешілетінін мәлімдеген болатын.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Перизат Қайрат әлі күнге дейін жұмыссыз екенін хабарлады.
«Сұрауда көрсетілген сотталған тұлға сот шешіміне сәйкес мекемеде жазасын өтеп жатыр. Қазіргі уақытта мекемеде бос жұмыс орындарының болмауына байланысты сотталушы жұмыс істемейді», – делінген ресми жауапта.
Комитет өкілдері Перизат Қайраттың қай колонияда отырғанын нақтыламады. Алайда түзеу мекемелерінде сотталушылар 48 түрлі мамандықты меңгере алатынын хабарлады. Атап айтқанда, аспаз, киім үлгілеуші немесе омарташы болуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар 34 бағыт бойынша қысқамерзімді курстар ұйымдастырылған.
«Әйел сотталушылар арасында ең сұранысқа ие мамандықтар — тігінші, шаштараз, визажист, кондитер және пішуші. Әр адам еңбек ету бостандығына, қызмет түрі мен мамандықты еркін таңдауға құқылы», – деп атап өтті комитет өкілдері.
Перизат Қайрат үш жыл бойы Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған.
2024 жылдың қараша айында ол 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды. 2025 жылдың 9 шілдесінде Астана сотында ұрланған қаражаттың жалпы сомасы нақтыланып, 3,5 миллиард теңгені құрағаны айтылды.
Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегі ретінде жиналған. Алайда жиналған қаржының бір бөлігі элиталық жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен саяхаттарға жұмсалған.
Тергеу барысында қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Перизат Қайраттың туыстарын тартқаны анықталды. Іс бойынша оның анасы Ғайни Алашбаева да сыбайлас ретінде танылды.
2025 жылдың наурыз айында Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен таратылды.
Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған. Сондай-ақ тергеу барысында тәркіленген мүліктер тізімі жария етілді.
Нәтижесінде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.