Қоғам

Жанжалдан кейін қызметінен кеткен Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді

Серік Сәпиевтің орнына Берік Досымбеков келді.

Серік Сәпиевтің қызметінен босатылуына байланысты Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша Берік Досымбеков атқарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен кеткеннен соң Берік Досымбеков басшы міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Тағайындалмас бұрын ол Қарағанды дене шынықтыру және спорт секторының меңгерушісі қызметін атқарды және көптеген жылдар бойы аймақтың спорт саласында жұмыс істеп келеді. Ол қала секторы мен облыс басқармасы арасында әрқашан тығыз ынтымақтастық болғанын, сондықтан жұмыстың ерекшеліктерін жақсы білетінін айтады.

"Осы салада бұл өте жақсы тәжірибе деп ойлаймын", - деп атап өтті ол.

Досымбеков ағымдағы жұмыстар мен жобаларды тезірек қолға алғысы келетінін айтты. Ол журналистерге жұмысқа жақын арада кірісетенін жеткізді.