Мәдениет

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров Ресейге 50 жыл кіре алмайтын болды (ВИДЕО)

Нұрлан Сабыров Ресейге енді кіре алмайды.

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров 50 жыл бойы Ресейге кіре алмайтын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«РИА жаңалықтар» жазғандай, бұл шешім Ресейдің ұлттық қауіпсіздігімен байланысты.

Агенттікке ақпарат берген дереккөз Сабыров Ресей аумағында тапқан ақшасын делдалдар арқылы жылыстатып отырғанын хабарлаған.

Оның үстіне, Сабыровтың Ресейде жалпы құны 60 млн рубль болатын жылжымайтын және өзге де мүліктері бары хабарланды.

Әзілкештің өзі бұл ақпаратқа қатысты әзірге комментарий берген жоқ.