Нұрлан Сабыров Дубайға депортациялаудан бас тартып, Алматыға билет алды
Нұрлан Сабыров Қазақстанға келетін болды.
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров Дубайға депортациялаудан бас тартып, Қазақстанға билет алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, комик Дубайға депортациялаудан бас тартқан. Оның мұндай шешім қабылдауына “міндетті түрде қолына кісен салынып ұшу” шарты себеп болуы мүмкін.
SHOT Telegram-арнасынасының ақпаратына сәйкес, әзілкештің 160 миллион рубль (1 миллиард теңге) тұратын мүлкі Ресей аумағында қалды.
SHOT Telegram-арнасы әзілкеш 2022 жылғы ақпанда элиталық қала сыртындағы екі қабатты үй сатып алған. Сонымен қатар “Новорижский” тұрғын үй кешеніндегі аумағы 1285 шаршы метр жер телімі де бар. Ол бала-шағасымен осында тұрған. Бұл мүліктің жалпы құны шамамен 130 миллион рубльге (834 миллион теңге) бағаланады.