Сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуровтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Ресейдің тиісті органдарынан Нұрлан Сабуровтың ұсталғаны туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ - СІМ
Сыртқы істер министрлігі Мәскеуде Нұрлан Сабуровтың ұсталғанына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан азаматы Н.Сабуровқа қатысты өзі немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Ресейдің тиісті органдарынан да оның ұсталғаны туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі NUR.KZ тілшісіне.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ресейлік БАҚ-қа құқық қорғау органдары танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың Ресейге кіруіне 50 жылға тыйым салынғанын хабарлады. Сабуров әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Кейінірек БАҚ-та Нұрлан Сабуровтың Ресейде миллиондаған долларлық активтері бар екені туралы ақпарат жарияланды. Желіде әзілкештің Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталған сәтінен де видео пайда болды.
Telegram желісіндегі Mash арнасы Сабуровтың Дубайға қайтудан бас тартып, Қазақстанға ұшуға ниетті екенін хабарлады. Сонымен қатар БАҚ комиктің компаниясы салық бойынша қарыздар екенін анықтаған.