Спорт

Қысқы Олимпиада - 2026: алғашқы күні Қазақстан қандай спорт түрінен бақ сынайды

Ұлттық құрама Италияда бүгін медальдар үшін бақ сынайды.

7 ақпан - Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы күні.

Қазақстан құрамасы фристайл, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы және мәнерлеп сырғанау сияқты 10 дисциплина бойынша бақ сынайды.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстаннан алты спортшы екі спорт түрінен бақ сынайды:

Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер):

Надежда Степашкина;

Ксения Шалыгина;

Анна Мельник;

Дарья Ряжко.

Сағат 17:00-де басталады.

Конькимен жүгіру, 3000 м (әйелдер):

Надежда Морозова;

Елизавета Голубева.

Сағат 20:00-де басталады.