Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды

Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: naqtygazeti.kz
Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке келді.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Parlam.kz мәліметінше, Елнұр Бейсенбаев парламент мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 

1986 жылы 27 маусымда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар