Роза Рымбаеваның 50 жылдық концертінде Димаш Құдайберген сахнада әншіге тағзым етті
Димаш Құдайберген Роза Рымбаеваның концертіне келіп, өнер иесіне алғысын білдірді.
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға сахна төрінде тағзым етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Тимур Балымбетов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Асқақ өнері үшін, ұлтына қосқан елеулі үлесі үшін Роза Қуанышқызына мың мәрте рақмет айтып, тағзым еткім келеді. Неге десеңіздер, жастайымнан Роза апайымыз бізге рухани тұрғыда ұстаз болып, үлкен үлгі көрсетті. Артыңыздан еріп, сізбен бірнеше мәрте сахна бөліскен өзімді ерекше бақытты жан санаймын. Жасай беріңіз! Сіздің сахнада жүргеніңізді 50 жыл толыпты, дауысыңызбен әлемге нұр шашып жүре беріңіз”, – деді Димаш.
Айта кетсек, Қазақстанның Халық әртісі, қазақ музыкасының айнымас символына айналған Роза Рымбаева шығармашылық жолының жарқын сәттерін қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру кешін өткізді. Концертке бірқатар һнер иелері қатысты.