Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасымен қоштасты – Тоқаев

Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасымен қоштасты – Тоқаев
Сурет: Ақорда
Президент Жаңа Конституция жобасында “Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін” жұмыс істейтінін атап өтті.

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстан суперпрезиденттік басқару нысанымен түбегейлі қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Соңғы жылдаодағы реформаларға сәйкес, Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасымен түбегейлі қоштасқан.

«Соңғы жылдардағы саяси реформаларға панорамалық көзқарас Қазақстанның суперпрезиденттік басқару формасымен түбегейлі қоштасып, беделді, ықпалды Парламенті бар президенттік республикаға көшіп жатқанын айқын көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жаңа Конституция жобасында “ адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін” деген қағида көрсетілгенін атап өтті.

«Негізінен, сөз мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру туралы болып отыр. Ұсынылған жаңашылдықтар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін күшейтуге және ең бастысы – барлық саяси институттардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа Конституция жобасында “мемлекет адам үшін, адам мемлекет үшін емес” қағидаты нақтырақ сипат алды. Бұл – біз 2019 жылдан бері жүйелі түрде ұстанып келе жатқан бағыт», – деді Мемлекет басшысы.

Іс-шара барысында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Премьер-Министрдің орынбасары – цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиевтің, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар