Басты жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы 2026 жылға арналған инфляция болжамын айтты

Биыл инфляция 9–12 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы инфляция бойынша болжамын айтты. Бұл туралы ол мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сүлейменовтің сөзінше, биыл инфляция 9–12 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр.

"Инфляцияға қатысты, әлемдегі ахуал мен ел ішіндегі экономикалық үдерістерге сүйене отырып, биыл инфляция 9–12 пайыз аралығында болады деп болжанып отыр. Ұлттық банк ретінде біздің негізгі міндетіміз - биыл инфляцияны 10 пайыздан төмен деңгейде ұстап тұру және жыл қорытындысы бойынша 9 пайыз және одан төмен деңгейге шыққан жөн", - деді Ұлттық банк басшысы.