Қоғам

Алматыда жаңа жылдық шыршалар мен декорациялар бір айдан соң алына бастады

Қаладағы жаңа жылдық шыршалар мен декорацияларды жинауға бір апта уақыт кетеді.

Алматыда жаңажылдық шыршалар мен декорацияларды демонтаждау басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық мәдениет басқармасының мәліметінше, өткен аптаның соңында қаладағы 21 локацияда негізгі жаңажылдық шыршалар мен шағын сәулет формаларын алып тастау қолға алынды.

"Қазіргі уақытта құрылмалар кезең-кезеңімен бөлшектеліп, алынып жатыр, сәндік элементтер мен жарықтандыру жабдықтарды демонтаждалып, аумақтар қалыпты жағдайға келтірілуде.

Жұмысты жоспарға сай аяқтау уақыты 7 күннен 10 күнге дейін жалғаспақ және ауа райы жағдайлары мен шыршалардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты аяқтау уақыты өзгеруі мүмкін", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Демонтаж аяқталғаннан кейін барлық құрылма элементі қоймаларға жіберіліп, сол жерде сақталатын болады.