Елімізде Конституция күні мерекесінің мерзімі ауысады
Жаңа Конституция күні қай күнге ауысуы мүмкін екені белгілі болды.
Қазақстанда Конституция күні ретінде 1 шілде белгіленуі мүмкін. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция референдумда қабылданса, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
"Егер референдумда мақұлданса, жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады", - делінген мәтінде.